Ақтауда оқушылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды
Ақтауда кәмелетке толмағандар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды.
16:25 13.11.2019
Оқиға 12 қарашада шамамен 14:00-де болған. Бір топ кәмелетке толмағандар балалар төбелескен. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсірген. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы төбелеске қатысқан жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.
"Төбелес кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Ауруханаға ешкім бармады. Бәрін тексердік. Төбелеске қатысқандардың бірде-бірі есепте тұрған жоқ. Ақтаудың кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі полициясы жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекстің 435-бабы (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша хаттама толтырылған. Бұл бап бойынша бұзақылық жасағандардың ата-аналарына жеті айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл шамамен 17 650 теңгеге жуық. Материалдар Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға беріледі.
;
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!