Алматыда судья пара алды деп күдіктелуде
Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы пара алды деген күдікке ілінді.
01:26 14.11.2019
Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып Бостандық ауданының судьясымен пара алу фактісінің жолын кесті. Судья азаматтық іс бойынша шешімді кейінге қалдырғаны үшін бұрын алған 3 мың АҚШ доллары көлемінде параны сенім берілген тұлға арқылы қайтару кезінде әшкереленген.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас прокурордың келісімі алынды. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!