{metadescription}
Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Ақтөбеде облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік  корпорациясының төрағасы болған Руслан Мамунов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыс әкімінің экономикалық сұрақтарына жауап беретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін жаңа орынбасарды ұжымға таныстырды.

«39 жастағы Руслан Маратұлы Мамунов Ақмола облысында туған. ҚазТұтынуОдағының экономикалық университетінде, Қазақ гуманитарлық заң университетінде білім алды. Эдинбург қаласындағы «Шотландия менеджмент және маркетинг мектебінің экономист, заңгер, МВА корпоративтік басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ақмола облысы Ақкөл аудандық Салық комитетінде маман болып бастаған. «ҚазМұнайГаз» АҚ менеджер, бас менеджер, Қоғамның еншілес компанияларында департамент директоры, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс бөлімінің басшысы, «KazSatNet» АҚ келісімшарттар бөлімінің басшысы, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы қызметтерін атқарды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде