{metadescription}
Әкесі гей екенін айтқан 14 жастағы ұлын атып өлтірді

Әкесі гей екенін айтқан 14 жастағы ұлын атып өлтірді

Невада штаты Хендерсон қаласының тұрғыны Уэнделл Мелтон өзінің туған ұлы Джованниді атып өлтірді.

Оның бұл қатыгез әрекетіне ұлының өзінің гей екенін айтқаны себеп болған. 

«Ол үшін ұлының гей екенін білу ауыр соққы болды. Ол жүрегінің түбінде мұндай ұлының тірі жүргенше, өлгенін қалағанына сенімдімін. Мен қамауға алынған күйеуім енді жарық сәуле көрмейді деген үміттемін», - деді марқұмның өгей анасы Соня Джонс. 

Сондай-ақ, әйел адам Венделлдің ұлы қыз емес, жігітпен көңіл жарастырып жүргенін білгеннен кейін оны қарумен жарақаттағанын айтты. Бейсенбі күні келіп түскен хабардан кейін полиция пәтерге қарай жол тартады. Оқиға болған жерге келген билік өкілдері 14 жастағы жасөспірімнің ауыр халде жатқанын көріп, оны Доминиканадағы Сент-Роуз ауруханасына жеткізген. Ал марқұмның әкесі Уэнделл Мелтон жұма күні қамауға алынды. Оған «Қаруды заңсыз пайдаланды», «Қасақана кісі өлтірді», «Балаға қатыгездік танытты» баптары бойынша айып тағылып отыр. 

Достары марқұмның өмірге деген құштарлығы мол, кез келген адамды күлдіре алатын ашықжарқын жан болғанын айтады. Ал Коронадодағы орта мектептен бері дос болып келе жатқан Бейли Шульц оны тым жас екенін айтып, өкінішін жеткізді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.