Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көкшетауда 16 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр
Ақмола полициясы колледждің 16 жасар студентін іздестіруде.
15:41 14.11.2019
16 жастағы Расула Жанашеваның із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз 13 қарашада Көкшетау полиция бөліміне түсті. Анасының айтуынша, қызы қалалық колледждердің бірінің 1-курс студенті. Ол 8 қарашада Зеренді ауылына әкесіне баратынын мәлімдеді. Алайда қыз ауылға келмеген. Осы уақыт ішінде жиі-жиі хабарласады.
«Әйел қызымен соңғы рет 12 қарашада сөйлесті, бірақ 16.00-ден кейін кәмелетке толмаған қызының телефоны сөніп қалды. Досының айтуы бойынша Расула астанаға өздігінен кетіп қалуы мүмкін болған. Уайымдаған анасы көмек сұрап полицияға жүгінді. Қазіргі уақытта полиция із-түзсіз жоғалғандардың туыстары мен достарын жинады. Достарынан, көршілерінен, сондай-ақ жоғалып кеткен күні қызды көрген адамдардан жауап алды. Арнайы топтар Ақмола облысының көршілес аудандары мен Нұр-Сұлтаннан іздестіруде», - делінген полиция мәлімдемесінде.
Расула Жанашеваның бойы 160-165 сантиметр, орташа денелі, қара шашты. Ерекшеліктері: тісінде брэкет бар, оң алақанында жүрек түріндегі татуировкасы бар. Ол ақ күрте, қара водолазка, қара джинсы, ақшыл түсті етік киген. Полиция хабар-ошарсыз кеткен Расула Жанашеваның қайда екендігі туралы ақпарат білетін жандардан құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram