Көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, 50 адам эвакуацияланды
Мәскеудің батысында көппәтерлі тұрғын үйде жарылыс болып, соңы өртке ұласты.
10:50 15.11.2019
«Удальцов көшесі, 16 үйде жарылыс болып, соның салдарынан пәтерлер арасындағы қоршаулар қираған. 17 адам құтқарылды», - деді «ТАСС» агенттігінің дереккөзі.
Оның айтуынша, үйден 50 адам эвакуацияланды. Жарылыстан кейін өрт шыққан. Жедел қызметтегі дереккөз де екі адамның зардап шеккенін хабарлады. Мәскеу ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-7 қабаттарда балконнан өрт шыққан.
«Өрт ауыздықталды, жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!