Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістанда ұрылар канализация қақпақтарын ұрлап, ақша тапқан
Сайрам аудандық полиция бөліміне белгілі фирма басшысынан арыз келіп түскен.
11:27 15.11.2019
Онда мекемеге тиесілі 80 дана су құбырының қақпақтарын 1 айға жуық уақыт ішінде белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін көрсеткен. Әрқайсысының құны 13 000 теңге болатын қақпақтар үшін жәбірленуші мекемеге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеледі. Орын алған мүлік ұрлығын ашу мақсатында Сайрам АПБ криминалды полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі, учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, олар шұғыл іске кірісті.
Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ұрлыққа бейім азаматтарды тексеріп, жақын аймақтарды аралады, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде, бейнекамерадан күдіктілердің бейнесі табылып, күдіктілердің екеуі ұсталды. Үшіншісі іздестірілуде. Күдіктілер жергілікті тұрғындар болып шықты.
Тергеу барысында күдіктілердің біреуі қамауға алынып, екінші сыбайласынан қолхат алынды. Белгілі болғандай, күдіктілер кез-келген көшедегі су құбырының қақпақтарын ұрлап әкетіп, темір алатын орындарға бөліп-бөліп, сындырып сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram