{metadescription}
Мұздай қаруланған жігіттің видеосы елді шошытты

Мұздай қаруланған жігіттің видеосы елді шошытты

Әлеуметтік желіде көлік ішінде түрлі қаруды ұстап көрсетіп: "Астана, біздікі" деген жігіттің видеосы тарауда.

Мұздай қарулы жігіттің видеосы Instagram-дағы astana_sergek парақшасында жарияланды. Кадрлардан жас жігіттің автокөліктің артқы орнында отырып, қару-жарақтың бірнеше түрін көрсететінін байқауға болады. Ол екі қолына шамамен травматикалық тапаншалар ұстаған. Кейіннен камераға автоматты көрсетіп, оқтайды.

"Ей, Салам Алейкум ағайын! Астана - біздікі, біздікі!" - дейді жігіт видеода орысша балағат сөздерді араластыра.

Жігіттердің қолында шын немесе жалған қару болғаны әзірге белгісіз.

"Мен бәрін қырып саламын", - дейді арғы жағындағы тағы бірі.

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы аталған видеоға байланысты тексеру жұмыстарын бастап кетті. Видеода бейәдеп сөздер бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

04 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.