Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда 12-қабаттан ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері құлап, мерт болды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі бұл оқиғаға қатысты, әзірге ресми мәлімет берген жоқ.
15:44 15.11.2019
44 жастағы ер адам Нұр Сұлтандағы көп қабатты үйдің 12-ші қабатынан құлап, мерт болды. Оқыс оқиға 14 қараша күні кешке Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Бұл оқиғаға қатысты Нұр Сұлтан қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Қошқарбаев көшесінде орналасқан үйдің балконынан подъезд қалқаншасына ер адамның құлап кетуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды. Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - деді елордалық полиция департаментінің баспасөз өкілі София Колышбекова.
Деректер бойынша, марқұм ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкері болған. Оның артында үш баласы қалды, деп жазады zakon.kz.
«Ол шекара қызметінде шамамен 20 жылдай жұмыс істеді, әскери дәрігер болды, подполковник шеніне дейін көтерілді. Жұмыста тек жақсы жағынан көрінген. Оқиғаның себептерін білмейміз, ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр», - деді ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram