Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда банк қызметкері 87 миллион теңгені жымқырып, шетелге қашып кеткен
Қостанай облысында банк қызметкері 87 миллион теңгені ұрлады деп күдіктеліп отыр.
16:47 15.11.2019
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, банктердің бірінің Жітіқара ауданындағы филиалында қомақты көлемде ақша ұрлануына байланысты ҚР ҚК «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталған.
«Қылмыс жасады деген күдікке банк қызметкері ілінді. Ол өзіне сеніп тапсырылған 87 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырып, жасырынған. Тергеу анықтағандай, оо 12 қарашада шекараны кесіп өтіп, Ресей Федерациясы аумағына өткен. Қазіргі уақытта оны тұтқындауға санкция берілді. Тұтқындау бойынша шаралар қабылданып жатыр», - дейді полициядағылар.
Аталған іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram