Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әйеліне сыйлық жасаған ер адамның өмірі әп-сәтте өзгеріп шыға келді
Олжаға кенелген ер адам қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты.
18:42 17.11.2019
Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ұлыбритания тұрғыны Кевин Фрэнсис миллион фунт стерлинг (500 млн теңгеге жуық) ұтып алды. Ол ауырып жатқан әйеліне лотерея билетін алған. Ер адам 75 жастағы әйеліне сыйлық жасамақ болыпты.
"Бренданың денсаулығы сыр берді. Сондықтан скретч-карталар көңіл-күйін көтереді деп шештім. Мен миллион ұтқаныма сенбедім. Билетке қайта-қайта қарай бердім. Бір сағат бойы әйеліме ұтыс туралы айтқан жоқпын. Ал айтқан кезде ол тіпті сенбеді", — дейді Фрэнсис.
Ұлыбритания тұрғыны қаражатты қымбат көлік пен саяхатқа жұмсамайтынын айтты. Алайда өзінің бұрынғы арманын орындайды. Ол суда жүзуді үйренбек, деп жазады sputniknews.kz.
"Мен үнемі теңіз жағалауында тұратынмын. Жүзу білмеймін. Үйренуге ақшам да, уақытым да болмады. Енді осындай мүмкіндік туды", — дейді ер адам.
Ол үйдің ішін науқас әйеліне барынша ыңғайлы етіп жасауды да жоспарлап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram