{metadescription}
Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Шымкентте қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері тұтқындалды

Шымкентте полиция қызметкерлері № 1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Донбай Абылай Абдужаппарұлын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұл туралы Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Дәрігерге Қылмыстық кодекстің "трансұлттық қылмыстық топқа қатысу" және "адам органдарын заңсыз алу" баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деген айып тағылған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Абылай Донбай 18 қарашада тұтқындалған.

2017-2018 жылдары Қазақстан аумағында адам органдарын трансплантациялау саласында тұрақты қылмыстық топ жұмыс істегені анықталды. Донорлар ретінде ауыр материалдық жағдайға байланысты өз бүйрегін мәжбүрлі сатқан Өзбекстан, Қырғызстан, Украина азаматтары болған, ал реципиенттер алыс шетелдердің, негізінен Израильдің қамтамасыз етілген азаматтары болды.

Тергеу барысында азамат А. Донбайдың адам органдарын сатып алу-сатуға заңнамалық тыйым салғанына қарамастан, ірі ақшалай сыйақы үшін бүйректі алу және ауыстырып салу бойынша заңсыз операциялар жүргізгені анықталды. Қазіргі уақытта клиникалық аурухананың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторында отыр.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде