{metadescription}
Алматыда қарияны немересі үйінен қуып шыққан

Алматыда қарияны немересі үйінен қуып шыққан

Талдықорғанда көпбалалы отбасы баспанасы жоқ қарияны өз қамқорлығына алған.

Бір апта бұрын жолда такси тоқтатып тұрған ақсақалды көлік жүргізушісі көріп, жанына тоқтаған көрінеді. Қария өзін Талдықорғанға жеткізуін сұраған екен, алайда қалаға жетер кезде ол өзінің үйсіз қалғандығын, көзі көрмейтіндігін айтып, жылап жіберіпті. Қарияның айтуынша, немересі заттары салынған қолдорба беріп, оның Текелідегі қарттар үйіне баруын өтінген. Мұны естіген көлік жүргізушісі жаны ашып, оны өз үйінде қалдыруды шешіпті. 

«Талдықорғанда қиын жағдайға тап болған қарияларға арналған мекемелер бар ма? Біз ақсақалға көмектескіміз келеді. Өздігінен дәретханаға барып тұру үшін біз төсек пен әжетхана есігіне жіп тартып қойдық. Қарт ата өте мейірімді, бізге баланы қарауға көмектеседі. Атаға обал-ақ. Бірақ ол бізден әлі де ұялады. Біздің бес баламыз бар, мен тағы да бала күтіп отырмын. Сол себепті болуы керек, ол бізбен тар үйде отырғанын ұят көреді.», - деді көлік жүргізушісінің әйелі

Қария жол апаты салдарынан көзінен айырылған. Ал 2012 жылы әйелі қайтыс болған соң оның жағдайы мүлдем нашарлапты. Айтуынша немереллерінің біреуі оны Алматыдағы үйінен қуып шығыпты. Қазіргі таңда Талдықорғандағы әлеуметтік көмек ұйымының директоры өзі келіп оны алып кетіпті. Қазіргі күні қария қарттар үйінен орын тапқан.  

Дереккөз:  Stan.kz 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде