{metadescription}
Атырауда Ирландия азаматын соққыға жықты

Атырауда Ирландия азаматын соққыға жықты

Атыраудағы кафелердің бірінде Ирландия азаматын ұрып кетті.

Оқиға қарашаның 16-сы түнде болған. 33 жастағы ирландиялық пен 35 жастағы жергілікті тұрғын (екеуі де мас күйінде) сөзге келіп қалған. Бұл дау артынан төбелеске ұласып, ирландиялық азаматтың таяқ жеуімен аяқталған. Кафеге келген қонақтар полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметін шақырған. 

Мойынын жарақаттағанына қарамастан ирландиялық ауруханаға жатудан бас тартып, емделу үшін Дубайға кетті деген ақпарат бар. Ал Атырау тұрғынын адам денесіне зақым жасады деген күдікпен құзырлы органдардың қамауға алды. Соққыға жығылған ирландиялық Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар Пол Смит есімді азамат екені белгілі болды. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.