Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әйел туған қызын өзенге батырып өлтірген
2012 жылы туған қыздың денесі үш күннен соң өзен арнасынан табылған.
09:42 22.11.2019
Дағыстандағы Чонтаул ауылының тұрғыны туған қызын өзенге батырып жіберген. Осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушы 2012 жылғы қызын оның тәрбиесімен айналысқысы келмегені үшін өлтірмек болған. 2018 жылы 6 қыркүйекте күндізгі уақытта әйел адам қызын өзен жағалауына алып келіп батырған.
Артынша жеткіншектің көз жұмғанына сенімді болғаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Үш күннен соң қыздың денесі өзен арнасында табылды.
"Тергеу қажетті дәйектерді жинады. Қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберіледі", - деді полицейлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram