{metadescription}
Пара алмақ болған жамбылдық майор видеоға түсіп қалды

Пара алмақ болған жамбылдық майор видеоға түсіп қалды

Еліміздің бірқатар өңіріндегі әскери қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыстары күдігіне ілінді.

Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Ведомство мәліметінше, майор Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысынан 35 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Алдын ала болжам бойынша, оған әскери билет пен әскери есепте тұрған деген анықтама үшін пара бермекші болған.

Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдікті кінәсінің деңгейін анықтай отырып, оған қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Б.Алиев өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, әскери шенінен айыра отырып, 800 мың теңге айыппұл төлеу жазасымен сотталды.

Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы азаматтың ұлын ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражатын иемденгені үшін күдікті болған.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.