Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмола облысында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты
Ақмола облысының Шортанды ауданы аумағында жүк пойызы мен жеңіл көлік соқтығысты.
10:11 23.11.2019
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты қарашаның 22-сінде 21:16-да Шортанды стансасында болды.
"Ауди-80" автокөлігі "Нұр-Сұлтан – Көкшетау" бағытындағы №3473 жүк пойызының (құрамында 59 вагон бар) локомотивімен соқтығысты. Жол апатынан жеңіл көліктің жолаушысы Ф.Н. Дәуренбекова дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал 1984 жылғы жүргізушісі П.Б. Дәуренбеков дәрігер қараған соң үйіне жіберілді. Жол апатынан өзге пойыздардың қозғалысына кедергі келген жоқ, - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram