{metadescription}
Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылды

Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылды

Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.  Полицияның деректеріне сүйенсек, 23 қарашада жергілікті тұрғын 102 нөміріне қоңырау шалып, Әуежай шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен нәресте тауып алғанын хабарлаған.

«Оқиға орнына мүдделі қызметтер мен полиция департаментінің басшылығы шықты. Бала өлі табылды. Қазір осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баланың анасын, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары басталды. Полиция қызметкерлері жақын маңдағы үйлерге барып, сауалнама алады, куәгерлер іздестіріледі», - дейді полициядан.

Бала шетінеп кеткен. Өлімнің себебі мен уақытын анықтайтын сараптама жасалады. Аталған факті облыстық прокуратура мен Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Баспасөз қызметі сәбидің жасына, жынысына, ұлтына қатысты ақпарат берген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде