{metadescription}
Талғарда 4 бала иіс тиіп уланды

Талғарда 4 бала иіс тиіп уланды

Жеке тұрғын үйдің мұржасы тазаланбағаннан балаларға иіс тиген.

Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты. 

"Пешті пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан (мұржаның тазаланбауы) 2010, 2013, 2015 және 2017 жылдары туған төрт бала иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды", - деп ақпарат берді Нұрахметов.

Сондай-ақ, ол СҚО-ның Тимирязев ауданындағы Сулы темір жол станциясындағы жеке үйде жылыту пешінің ақауына байланысты 34 жастағы әйел мен оның 11 жастағы қызы газ иісіне уланғанын айтты. Зардап шеккендердің жағдайы орта деңгейлі ауырлы. ТЖ Комитеті қысқы маусымда қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алуға шақырады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде