Күн күрт суытып, қауіптіліктің «көк» деңгейі жарияланды
Бүгін Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясы күннің күрт суытуына байланысты қауіптіліктің «көк» деңгейін жариялады.
12:33 24.11.2019
«Бүгін түннен бастап 26 қарашаға дейін Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысындағы кейбір аумақтарында, сондай-ақ Шығыс Қытайдың жағалау маңындағы аудандарда қатты жел соғады», - делінген Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясының мәліметінде.
Елдің солтүстік-батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіндегі бірқатар аудандарда ауа температурасы 6-10 градусқа төмендейді. Аталған аудандардың кейбірінде - 12 градусқа дейін суытады. Осыған орай метеорологиялық орталық тұрғындарды абай болуға және сыртта көп жүрмеуге шақырды. Қытайда қолайсыз ауа райы туралы ескертудің төрт түрлі деңгейі қабылданған.
Қауіптілік деңгейінің 4 түрі бар, ең қауіпті деңгейі - қызыл түсті, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түсті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары