{metadescription}
Нұр-Сұлтан орталығындағы жол апатынан 3 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан орталығындағы жол апатынан 3 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтанда болған жол-көлік апатынан үш адам көз жұмды.

Жол апаты 24 қараша күні сағат 06:45 кезінде Қабанбай даңғылының бойында болды. 

«Алдын ала мәлімет бойынша, Мәңгілік ел даңғылына қарай Қабанбай батыр даңғылының бойымен жүріп келе жатқан ВАЗ-21099 маркалы автокөлік қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, Toyota Camry маркалы көлікке соғылған. Ақырында ВАЗ автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі мен осы көліктегі 1997 және 1983 жылғы жолаушылар көз жұмды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Сондай-ақ, дене жарақатымен ВАЗ жолаушысы мен Toyota Camry жүргізушісі ауруханаға түсіп қалды. Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.