Әжей 50 жыл бойы жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген
Италияда тұратын 77 жастағы әжей жарты ғасырға жуық уақыт бойы жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізіп келген.
11:40 26.11.2019
Әжей екі автокөлікпен соқтығысып, жол апатына түскен. Сол кезде ғана оның куәлігі жоқ екені анықталған. Әжейдің өзі көп жыл бұрын куәлігін жоғалтып алғанын, содан кейін жаңасын жасатпағанын айтқан.
Ал базада әжейдің аты-жөні мүлде болмаған. Салдарынан әжейге 5 мың еуро айыппұл салынып, көлігі тәркіленген.
Еске сала кетейік, жолдан ұшып кеткен көлік аялдамада тұрған әйелді мерт қылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары