Ұлттық банк монеталардың жаңа түрін шығарды
Ұлттық банк көбелекке және құрақ көрпеге арналған коллекциялық монеталарды айналысқа шығарды.
12:51 27.11.2019
Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлайды. 27 қарашада номиналы 500 теңгелік күміс «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Quraq kórpe» коллекциялық монеталарын және номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Kόbelek. Lasiommata maera» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды.
Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып күмістен жасалған. Тиынның аверсінде орталық бөлігінде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбаның қоршауында Елтаңбасы орналасқан. Монетаны айналдыра – ұлттық ою-өрнек салынған. Монетаның реверсінде қолдан жасалған құрақ көрпенің бейнесі, «Quraq kórpe» деген жазу, соғылған жылы және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монеталар 925/1000 сынамалы күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.
Номиналы 200 теңгелік «Kόbelek. Lasiommata maera» монета «Мера барқыты» көбелегіне арналған. Ол Қазақстанның тауларында, Кіші, Орта және Орталық Азияда, сондай-ақ солтүстік Африкада, Еуропада және Батыс Сібірде кеңінен таралған. Латын тіліндегі түр атауы ежелгі грек мифологиясынан алынған және Атланттың қызы – Мерамен байланысты.
Номиналы 500 теңгелік, 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!