Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Жолаушылар тасымалдайтын көлікте 16 адам болған.
16:08 28.11.2019
Олар аязды күні жолда үсіп қала жаздаған. Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка-Қостанай тас жолында 16 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ адамдар үсіп қала жаздады. Жол апаты бүгін болды. "КАВЗ-4238" қоғамдық көлігінің жүргізушісі оны басқара алмай қалып, жыраға түсіп кеткен.
Автобуста 16 жолаушы болған, олардың қатарында бес жасар бала да бар. Дегенмен жүргізуші амал табады. Ол тас жолға шығып, осы бағыттағы автобусты тоқтатып, барлық жолаушыны отырғызып жібереді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір "Қазавтожол" қызметкерлері жыраға түсіп кеткен көлікті шығаруға көмектесіп жатыр. Апаттың алдын ала себебі – көлік құралының техникалық ақауы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram