{metadescription}
Ақтөбе облысында жоғалып кеткен мүгедек бала өлі күйінде табылды

Ақтөбе облысында жоғалып кеткен мүгедек бала өлі күйінде табылды

Ақтөбе облысынан хабарсыз кеткен 17 жастағы мүгедектің денесі табылды.

Жігіттің денесі бесінші күні табылды. Бесінші күні Ақтөбе облысының Темір ауданында із-түзсіз жоғалған кәмелетке толмаған бала табылды, деп хабарлайды аймақтық ПД баспасөз қызметі. 24 қарашада сағат 18:00 шамасында Сүлеймен Есеналиев үйінен белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмады.

Сүлеймен Есенәлиевті іздестіруге 22 полиция қызметкері, 12 ауылдық әкімдіктің қызметкері, 30 шақты ауыл тұрғыны және 10 мұғалім қатысқан. 28 қараша күні сағат 15:00-де төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Есенәлиевтің денесін өзі тұрған ауылдың маңынан тапқан. Жігіттің неден көз жұмғаны сараптамадан кейін белгілі болады. Істің мән-жайы анықталып жатыр. Сүлеймен бала кезінен екінші топтағы мүгедек.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде