{metadescription}
Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Лионель Месси 2019 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Франция астанасы - Париж қаласында «France Football» журналының ұйымдастыруымен «Алтын доп» иегері анықталды.

Ол «Ливерпульдің» голландиялық қорғаушысы Вирджил ван Дейк, сенегалдық шабуылшы Садио Мане және «Ювентуста» ойнайтын Криштиану Роналдудан озып шықты. Биыл аталмыш жүлдеге үміткер футболшылар қатарында жұлдыздар аз болған жоқ.

Атап айтқанда, олардың қатарында Садио Мане, Трент Александер-Арнольд, Алисон Бекер, Жоржиньо Вейналдум, Вирджил ван Дейк, Роберто Фирмино, Мохамед Салах (барлығы - «Ливерпуль», Англия), Серхио Агуэро, Бернарду Силва, Рияд Марез, Кевин де Брейне, Рахим Стерлинг (барлығы - «Манчестер Сити», Англия), Френки де Йонг, Марк-Андре тер Штеген, Лионель Месси, Антуан Гризманн (барлығы - «Барселона», Испания), Уго Льорис, Сон Хын Мин (барлығы - «Тоттенхэм», Англия), Душан Тадич, Донни ван де Бек (екеуі - «Аякс», Голландия), Килиан Мбаппе, Маркиньос (екеуі - ПСЖ, Франция), Пьер-Эмерик Обамеянг («Арсенал», Англия), Криштиану Роналду, Маттейс де Лигт (екеуі - «Ювентус», Италия), Карим Бензема, Эден Азар (екеуі - «Реал», Испания), Роберт Левандовски («Бавария», Германия), Калиду Кулибали («Наполи», Италия), Жоау Фелиш («Атлетико», Испания) болды.

«Алтын доп» жүлдесі 1956 жылдан бері өткізіліп келеді. 2018 жылы оған Испанияның «Реал Мадрид» командасында жартылай қорғаныста ойнайтын хорват футболшысы Лука Модрич лайық деп танылған болатын.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.