{metadescription}
Комада жатқан анасы қызының жанайқайын естіп бауырына басты

Комада жатқан анасы қызының жанайқайын естіп бауырына басты

Аргентинаның Сан-Франциско қаласының тұрғыны аш қалған қызын емізу үшін комадан оянды.

Мария Лаура Феррейра мотоциклінде тоқтаған кезде оған қарақшы шабуыл жасаған. Жарақат алған әйел ауруханаға түсті. Құлаған кезде басын жерге соғып, комаға түсті. Аргентиналық әйел бір ай вегетативті жағдайда болғаннан кейін, дәрігерлер оның жақын арада қайтыс болуы мүмкін екендігі туралы отбасына хабарлады, тіпті оның ағза мүшелерін трансплантацияға мұқтаж науқастардың пайдасына беруді ұсынды. Феррейраның күйеуі Мартин Дельгадо мұндай болжамдарға қарамастан, әйелі оянатынына сенімді екенін айтты.

23 қараша күні Дельгадо ең кіші екі жасар қызын ауруханада анасына апарды. Қыз әдеттегідей сүт емгісі келетінін айтып анасына сыбырлады. Феррейра кенеттен киімін шешіп, қызына омырауын берді. Дельгадо барлық куәгерлер ана мен қыздың бір-бірін қалай құшақтап жатқанын көріп жылағанын айтты. Соған қарамастан, әйелі әлі күнге дейін есін жиған жоқ. Туыстарының сөзіне жауап бермейді.

«Біз жақсылық болады деп үміттенеміз, өйткені оны үш баласы сағынышпен күтіп отыр», - деді ол.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.