Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Мұғалімнен 90 мың теңге пара алған мектеп директоры ұсталды
Жамбыл облысында мектеп директоры 90 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді.
09:49 04.12.2019
Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметімен "Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ведомство мәліметінше, Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлық қызметімен "Байзақ ауданының білімі бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі" ММ директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол бір азаматтан мектепалды сыныбы мұғалімі лауазымынан бастауыш сынып мұғалімі ретінде ауыстырғаны және жалпы қамқорлығы үшін 90 мың теңге пара алды деп күдіктелуде.
Күдіктінің және қорғаушының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтінішхатына және келу туралы міндеттемені алғанына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығаратыны айтылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram