Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Берлинде шешен жігітті өлтірген киллер қазақстандық болып шықты
Тамыз айының соңында шешенстандық командир Зелимхан Хангошвилиді Берлинде өлтірді деген айыппен ұсталған ресейлік Вадим Соколов (төлқұжат бойынша) негізінде Вадим Николаевич Красиков - Қазақстан тумасы болып шықты.
12:16 04.12.2019
Оның қазақстандық есімі Красиков Вадим Николаевич көріндеі. Бұл туралы шетелдік The Insider, Bellingcat және Der Spiegel басылымдарының бірлескен зерттеулерінен кейін белгілі болды.
"Красиковтың ресейлік үкіметке қатысы бар екендігін неміс басшылығы да мойындап, тергеу амалдарын ГФР-ның бас прокуроры Петер Франк өз қарамағына алды", - делінген журналистік зерттеуде.
Тергеу авторларының айтуынша, Красиков 2013 жылы 19 қаңтарда Мәскеудегі тапсырыспен өлтіру ісіне де қатысы бар болуы мүмкін. Онда Кабардин-Балқар кәсіпкері Альберт Назаровқа оқ атылып, соның салдарынан ол қаза тапқан еді. Оқиғаның видеосы да жарияланған еді. Жаңалықтарда кісі өлтірген адамға "велосипед мінген киллер" лақапаты да берілген болатын.
Тергеушілер мәліметінше, Вадим Красиков 1965 жылы 10 тамызда Түркістан облысындағы Кеңестөбе ауылында дүниеге келген. 1980-жылдары оның отбасы Бурятияға көшкен. Онда Красиков үйленіп, екі баласымен Иркутск қаласына көшкен. 2019 жылы Мәскеу қаласына көшкен.
Қазіргі уақытта Красиковты ІІМ базасынан табу мүмкін емес, журналистердің айтуынша, біреулер оның есімін базадан алып тастаған. Вадим Соколовтың шын есімін авторлар Интерполдағы мұрағат арқылы білген. Оның қазіргі суреті мен визаға тапсырылған суретінің ұқсастығы - 80 пайыз. Осыған дейін Ресей президенті баспасөз қызметінің жетекшісі Дмитрий Песков осы істе ресейлік үкіметтің еш қатысы жоғын мәлімдеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram