{metadescription}
Алматыдағы бизнес-орталықта ер азамат терезеден секіріп мерт болды

Алматыдағы бизнес-орталықта ер азамат терезеден секіріп мерт болды

Алматыдағы танымал "Нұрлы-Тау" бизнес-орталығының шатырынан ер адам құлап кетіп, көз жұмды.

Ер адам жедел жәрдем қызметі келмей жатып марқұм болып кетіпті. Қазіргі таңда оқиға орнында Ботсандық ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу жасағы тексеріс жүргізуде. 

"Опат болған азаматтың кім екендігі анықталды. Ол 1971 жылы туған. Алдын ала келіп түскен ақпарат бойынша ол 12 қабаттың терезесін ашып секіріп кетті", - делінген Алматы қалалық ПД-нің хабарламасында. 

Оның бұл іске не себепті барғандығы және басқа да жағдайлар алдағы уақытта анықталатын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.