Үндістаннан шыққан кедей иммигрант Google-ды басқарады
Google-дың негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet компаниясындағы қызметтерінен кетіп, компанияны Google-дың бас директоры Сундар Пичаи басқаратыны белгілі болды.
18:12 05.12.2019
Оның бұрынғы лауазымы да сақталады. Сундар Пичаи 1972 жылдың 12 шілдесінде Үндістанның Ченнай қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Кейін Стэнфорд университетінің стипендиясын ұтып алып, 1993 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. Google-ге 2004 жылы келген. Оған дейін MBA дипломын алып, Applied Materials, McKinsey & Co компанияларында жұмыс істеген.
Сундар Пичаидың Google-дегі қатардағы жұмыскерлікке үміткер ретіндегі әңгімелесуі 2004 жылдың 1 сәуірінде өтті. Дәл осы кезде компания Gmail-ды іске қосып жатқан еді. Жұмысқа қабылданған соң оған дәл осы сервисті дамыту тапсырылады. Кейін Google-тулбармен айналысады. Кейін ол басшылыққа Google Chrome-ды жасауды ұсынады, деп жазады 7kun.kz.
Басында компания басшылары бұл идеяны қолдамайды. Алайда Сундар мен 10 инженер Chrome-ды жасырын жасап, басшылыққа ұсынады. 2008 жылы Google Chrome іске ұосылады. Қазіргі таңда қолданушылардың 67% интернетке осы браузермен кіреді. Осыдан кейін Сундардың қызметі өсе бастайды. 2008 жылы ол өнім жасау бойынша вице-президент, 2012 жылы Google Chrome мен фирмалық қосымшалардың вице-президенті болады. Кейін Android жүйесін, Google Drive, Google Maps-ты дамытумен айналысады. 2009 жылы Twitter оны командасына шақырады, алайда Google ресми емес дерек бойынша 10-50 миллион аралығындағы доллар төлеп, қалдыруға көндірген.
2014 жылы оны Microsoft бас директорлыққа шақырады. 2015 жылы Google-дың негізін салушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин Alphabet компаниясын құрып, Google оның еншілес компаниясына айналып, оның бас директорлығына Сундар Пичаи барады. Енді 47 жастағы Сундар Пичай енді Google-мен қатар Alphabet-ті де басқарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!