Ақтөбеде үш мектеп оқушысы жүкті болып қалған
Оның бірі Алматыға оңалтуға барған 14 жастағы мүгедек оқушы.
13:40 07.12.2019
Бұл туралы мектептердің инспекторлары, мұғалімдер мен директорларының таяуда өткен жиналысында белгілі болды. Үш қыз үш түрлі мектепте оқиды. "Нұр Отан" партиясына қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Мария Тажибаев сол мектептердің директорларына үн қатты.
"Оқушыларыңызбен сөйлесесіздер ме, әлде кабинетте отырып аласыздар ма? Мектеп директоры бәрін білуі керек", - дді Тәжібаева.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, жүкті үш арудың ешқайсысы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жоқ. Ведомство өкілінің айтуынша, қыздардың бірі оңалтудан өтіп жатқан оңтүстік астанада жүкті болып оралған. Оқушының жасы 14-те, ол мүгедек. Алматыда ол анасымен бірге жүрген. Ал әйел адам қызының аяғы ауыр екенін білепті.
"Бірінші кезекте осы қыздардың отбасымен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-анасы өзара сөйлесіп, келісіп жатады. Мектеп қабырғасында жүріп, жүкті болған жағдайда ата-ананың өз міндетін дұрыс атқармауы бойынша комиссия отырысы болады", - деді әкімдік өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!