Қазақстанда жер сілкінді
Алматыдан 147 шақырым қашықтықта Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды.
14:35 07.12.2019
"7 желтоқсанда Алматы уақытымен сағат 07:08-де жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 147 километр жерде орналасқан. MPV магнитудасы – 4.3", - делінген сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның хабарламасында.
Зілзаланың сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Екінші жер сілкінісі де 7 желтоқсанда Алматы уақытымен 08:20-да болды. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 километр жерде, Қырғызстан мен Қытайдың шекарасында орналасқан. Сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары