Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оқушы қызды сыныптасы мектеп дәлізінде жарты сағат бойы зорлады
АҚШ-тың Техас штатында өте қорқынышты оқиға болды.
14:47 08.12.2019
16 жастағы орта мектеп оқушысы мектеп дәлізінде аяусыз зорланды. Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол шабуылдаушыдан жалынғанымен оның сөзіне құлақ салмаған. Оқиға Хьюстондағы Mayde Creek High School мектебінде болған. Оқушының айтуынша, ол үзіліс кезінде түскі асқа барған. Алайда, ол тамақ ішіп үлгермеген. Дәл осы кезде сыныптастарының бірі оны жыныстық қатынасқа тартты. Ол бұған дейін қызға сезімін білдіріп жүрген жігіт.
«Ол мені жерге лақтырып жіберді, шалбарымды шешіп, жыныс мүше қол жүгіртті. Осыдан кейін ол мені зорлады», - деді 11-сынып оқушысы.
Жәбірленушінің айтуынша, жыныстық қатынас 30 минутқа созылған. Осы уақыт ішінде айқайларға қарамастан ешкім көмекке келмепті. Зорлаушы мектеп қоңырауы соғылғаннан кейін ғана тоқтайды. Осы кезде ол шалбарын киіп, сабаққа жүгіріп кетеді. Бұл жағдай мұғалімдерді де, қыздың ата-анасын да таңғалдырды. Жәбірленушінің анасы мектепті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді деп айыптайды. Билік оқушының айыптары расталса, жанжалды істі тергеуге және кінәлілерді жазалауға уәде берді.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram