{metadescription}
Алматыда полицейлер көшелердің бірін қоршауға алды

Алматыда полицейлер көшелердің бірін қоршауға алды

Алматыда екі көшенің қиылысын қоршауға алып, қозғалысты тоқтатуға тура келді.

Тұрғындар полицияға күмәнді қорап туралы хабарлаған. Алматыда полицейлер күмәнді қорап табылған Сайын көшесі мен Төле би даңғылының қиылысын қоршауға алды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полицияға тұрғындар хабарласып, көше қиылысында күмәнді қорап жатқанын жеткізген. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары көшені қоршауға алып, көліктердің жүру бағытын өзгертті.

Мамандар күмәнді қорапты тексерді, бірақ қауіпті ештеңе табылмады. Дегенмен, Алматы қаласының полициясы қырағылық пен сақтық танытқан тұрғындарға алғыс білдіріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.