{metadescription}
Димаш Құдайберген Ресейде жыл әншісі атанды

Димаш Құдайберген Ресейде жыл әншісі атанды

Димаш Құдайберген Ресейде тағы бір марапатқа ие болды - ол жыл әншісі атанды.

Марапатты Димашқа Ресейдің халық әртісі Валерий Леонтьев табыс етті. Димаш Құдайберген Ресейде "Жыл әні" (Песня года) премиясында "Жыл әншісі" аталымында жеңімпаз атанды. 

"Қымбатты достар, сіздер екі күн бұрын Ресейдің ұлттық музыкалық "Виктория" сыйлығында екі номинацияны жеңіп алғанымды білесіздер, мен тағы бір қуанышпен бөліскім келеді. Бүгін "Жыл әні" сыйлығында мен "Жыл әншісі" деген тағы бір марапатқа ие болдым. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлерге және Ресей халқына рахмет", - деп жазды әнші әлеуметттік желідегі парақшасында.

Ол бұл жеңісін барша қазақстандықтар мен фанаттарына арнайтынын жеткізді. Марапатты Димашқа Ресейдің халық әртісі, композитор, әнші Валерий Леонтьев табыс етті.

"Мен сенің ғажап дауысыңды жақсы көремін", - деген Леонтьев Димашқа әлемді тезірек бағындыруды тіледі.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде