{metadescription}
Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті

Павлодар тұрғынын өз үйінің ауласында атып кетті

Полицейлер Естай көшесіндегі №134/1 үйді қоршауға алды.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды. Павлодардағы аулалардың бірінде адам өлтірді. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, трагедия Естай көшесіндегі №134/1 үйдің ауласында болған, деп жазады sputniknews.kz. Осы үйдің тұрғыны көз жұмды деп хабарланып отыр. Полиция аумақты қоршауға алды.

"Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау және ұстау шарасы жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жарияланбайды", - деді өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жанна Белялова.

Бұл бапқа сәйкес, кінәлі деп танылған адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде