Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
19 жастағы елордалық жігіт шипажайда өз-өзін өлтірмек болды
Елордадан Түркістан облысына демалуға барған жігіт шипажайлардың бірінің балконынан секіріп кетпек болды.
16:25 09.12.2019
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне сағат шамамен 22:20-да жергілікті шипажай мекемесінің директоры хабарласқан. Ол белгісіз жас жігіт суицидке бармақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрғанын айтқан. Ақпарат түсісімен шипажайға учаскелік полиция инспекторлары дереу жеткен.
«Полицейлер төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінің балконында өзінің тамағын тіліп жіберген және екі қолына шыны сынықтарын ұстап тұрған жас жігітті көрген. Сондай-ақ ол балконнан секіретінін айта бастаған. Полицейлер уақыт жоғалтпай, шұғыл әрекетке көшкен. Учаскелік полицейлер жігітті сөзге айналдырып тұрғанда, келесі балконнан Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері секіріп түсіп, оны құлаудан құтқарып қалды. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, дәрігерлерді шақыртты», - деді Түркістан облыстық Полиция департаментінен.
Анықталғандай, 19 жастағы жігіт өзіне ем қабылдау үшін анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан Сарыағашқа барған. Орналасқан туыстарының үйі шипажайға жақын жерде болған. Кешкісін барлығы ұйықтап қалғанда, ол ешкімге білдіртпестен үйден шығып кеткен. Солай, шипажайға келіп, бос номердің біріне кірген. Бөлмеде алма салатын вазаны сындырып, соның сынықтарымен өз-өзін өлтірмекші болады. Қазір ол ауруханада жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram