{metadescription}
11 жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты

11 жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты

Қытайда 11 жыл бойы біреудің қылмысын мойнына арқалаған адам босатылды.

2008 жылы 51 жастағы Ли Цзянонг 75 жастағы көрші әйел Цао Цзюйинді өлтіргені үшін сотталды. Сол жылы оған қатысты өлім жазасына кесу туралы үкім шықты. Бірақ жаза мерзімі шегеріле берген. Сол уақыттан бастап түрмеде болған.

Полиция мәліметінше, қылмыс құрбаны 2007 жылы қайтыс болыпты. Оның денесі цемент фабрикасы аумағындағы шұңқырдан табылды. Әжейдің аузына изолента жапсырылып, басында қатты соққыдан жарақат қалған.

Полиция қызметкерлері Цзюйинді таныс адам өлтірді деген қорытынлыға келіп, көрші тұрған Ли Цзянонгті тұтқындаған. Тергеу жұмыстары оның мотивын, қылмыс құралын, орнын анықтай алмаған.Соған қарамастан ер адамды кінәлі деп тауып, соттаған. Он жыл өткен соң сотталған адамның туыстары істің қайта қаралуына қол жеткізді. Осы жолы сот оның кінәсінің дәлелдері жеткіліксіз деген қорытындыға келді. Бұдан кейін сот үкімді жоққа шығарды. 


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

19 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.