{metadescription}
Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті

Бортында 38 адам бар Чили әскери ұшағы жоғалып кетті

Бортында 38 адам болған Чили әскери әуе күштерінің ұшағы Антарктидаға бара жатқан жолда жоғалып кетті.

C-130 Hercules ұшағы Пунта-Аренасадан жергілікті уақытпен 16:55-де ұшып кеткен. Чили әскери әуе күштерінің мәліметінше, борт дүйсенбі күні жергілікті уақытпен 18:00-ден кейін байланысқа шықпай қалған. Із-түзсіз жоғалғандар арасында экипаждың 17 мүшесі мен 21 жолаушы бар. Чили әскери әуе күштері іздеу-құтқару операциясы жүргізіліп жатқанын мәлім етті. F-16 екі жойғышы мен төрт кеме ұшақты іздеуге жіберілді.

Чили ӘӘК генералы Эдуардо Москейра жергілікті БАҚ-қа ұшақтың апат сигналын қоспағанын хабарлады. Оның айтуынша, әскери ұшақ ұшқышының тәжірибесі мол, ол отын қоры таусылғаннан кейін жерге қонуға мәжбүр болуы мүмкін. Чили президенті Себастьян Пиньера Twitter-дегі ресми аккаунтында ұшақтың жоғалып кеткеніне «алаңдап», ел астанасы Сантьягодағы жағдайды бақылап отырғанын жазды.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде