Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әскери тікұшақ апатынан 2 адам қаза тапты
Ресейдің Краснодар өлкесінде әскери Ми-28 тікұшағы 12 желтоқсанға қараған түні апатқа ұшырады, экипаждың екі мүшесі қаза тапты.
08:42 13.12.2019
Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады. ТАСС дереккөзінің мәліметі бойынша, апатқа тұман себеп болуы мүмкін. Тікұшақ әуеге көтерілген сәтте апатқа ұшыраған. Кореновск қаласындағы әскери аэродромға арнайы комиссия аттанды.
Ми-28Н «Ночной охотник» — Ресей, Ирак және Алжир қолданатын әскери тікұшақ. Экипаж екі адамнан тұрады — ұшқыш пен штурман-оператор. Тікұшаққа 30 миллиметрлі пушка орнатылған. Тікұшақ басқарылатын және басқарылмайтын зымыран таси алады. Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл жолы тікұшақта қару-жарақ болмаған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram