Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жанартаудың атқылауынан 6 адам мерт болды
Жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді.
14:39 13.12.2019
Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралындағы жанартаудың атқылауынан қаза тапқан алты адамның мүрдесі табылғанын ТАСС-қа мәлімдеді.
«Уайт-Айленд аралынан табылған алты адамның мүрдесі қазір Wellington күзет кемесіне жеткізілуде», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Жаңа Зеландияның күйік орталықтарында жанартау атқылауынан зардап шеккен 17 адам жатыр. Олардың 13-еуі - ауыр хәлде. 11 зардап шегуші Австралияға жіберілді. Жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді. Жанартаудың атқылауы Уайт-Айленд аралында жергілікті уақытпен сағат 14:15-те болған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазір төнуі мүмкін қауіптің деңгейін бақылауда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram