Күйеуінен түсік болғанын жасырған әйел бала ұрлады
Оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
17:12 13.12.2019
Тайлық Пхангнга қаласының тұрғыны күйеуінен түсік болғанын жасыру үшін бала ұрлауға барған. Биылғы жылдың қарашасында 27 жастағы Шривалак Акетхамсатин құрсағындағы баласынан айырылып қалды. Бұл жайында жұбайына айтуға қорыққан ол екіқабат әйелдің кейпін танытып жүре берген. Желтоқсан айында күйеуіне босану үшін ауруханаға кетіп, түнде сонда қалатынын айтып шығып кеткен.
Перзентханада жас әйел жаңа ғана қызды болған отбасымен танысады. Келесі күні таңертең Шривалак олардан балаларымен серуендеуді өтінеді. Жағдайды пайдаланған ол, жаңа туған нәрестені ұрлап әкетіп, күйеуіне апарады. Өз кезегінде күйеуі еш күдіктенбестен оны туған баласы деп қабылдаған.
Алайда Шривалактың ауруханадан қашқаны бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Сол күні-ақ, полицейлер әйелді ұстап, тұтқынға алды. Шривалак Акетхамсатин жасаған қылмысын мойындады. Енді оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!