Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Еліміздің алғашқы Конституциясын жасаған академик Сартаев көз жұмды
13 желтоқсан күні Белгілі қазақ академигі Сұлтан Сартаев 92 жасында қайтыс болды.
08:24 14.12.2019
Бұл қаралы хабарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі растады. Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорғанауылында дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі.
Сұлтан Сартаев - Қазақстанның алғашқы Конституциясын жасаушылардың бірі. 490-нан астам ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектері, соның ішінде 24 монография, 30 кітапша, ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалары бар.
“Құрмет белгісі” орденімен, “Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін” медалімен, “Білім” Бүкілодақтық қоғамының “Белсенді еңбегі үшін” медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрлігінің “Жұмыстағы үздік табыстары үшін” медалімен, “Парасат” орденімен және өзге де наградалармен марапатталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram