{metadescription}
Ғалымдар қыста аз жұмыс істеуі керек екенін айтты

Ғалымдар қыста аз жұмыс істеуі керек екенін айтты

Суық түсіп, күн қысқарғанда адамдардың көңіл-күйі де өзгереді.

«Таңертең адамдар әрең оянып, жұмыста өнімділігінің азайғанын сезеді. Күйзеліс те көбіне қыста болады, өз-өзіне қол жұмсау да қыс айларында жиі кездеседі. Егер адамның биологиялық сағаты күнделікті тірлік пен жұмысқа сай болмаса, көңіл-күйді өзгерту үшін тиісті шаралар қабылдау керек», - деп жазады ғалымдар.

Олардың айтуынша, қыста биологиялық сағат бойынша адам күн жарық болғанда, яғни, сағат таңғы 9-да тұруы керек. Ал оның орнына сағат 7-де ояну ұйқы кезеңінің толық болмауына алып келеді. Бұл қыс мезгілінде көпшілігінің таңертең не себепті тұрғысы келмейтінін түсіндіреді.

«Зерттеу көрсеткендей, қыста адамдар көбірек ұйықтауы керек. Ал әлеуметтік кесте денсаулыққа жақсы әсер ете алады. Мысалы, кез келген мемлекеттің шығыс бөлігіндегі халық күннің шығуын басқа жақтардан ерте сезеді. Ал жұмыс уақытының барлығында бірдей басталуы денсаулыққа кері әсер ететіндіктен, жұмыс кестесін де соған сәйкес өзгерткен жөн», - дейді ғалымдар.

Алайда көптеген халық өздерінің биологиялық сағатына сәйкес келмейтін әлеуметтік кестемен жүруге мәжбүр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде