{metadescription}
Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀

Ибрагим Ескендір қарсыласын нокаутқа жіберіп, IBA Asia титулын иеленді⠀

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Ибрагим Ескендір (6-0, 6КО) мен Уәлихан «Адай» Бисенқұлов (9-1, 9КО) Ресейдің Мәскеу қаласында өтіп жатқан кеште жеңіске жетті.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, жеңіліп көрмеген 33 жастағы боксшымыздың қарсыласы Малави елінің тәжірибелі спортшысы, яғни 47 айқастың 28-ін өз пайдасына аяқтаған Мусса Аджибу (28-14-5, 24КО) болды. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелді. Бірақ соңғы дистанциясына дейін өтпеді. И.Ескендір оппонентін жетінші раундта нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық боксшы профи-рингтегі жетінші жеңісіне (барлығын нокаутпен) қол жеткізіп, IBA Asia нұсқасы бойынша вакантты белдікке ие болды. Бұған дейін И.Ескендір Instagram-парақшасында намысты қолдан бермейтінін жазған болатын. Ал бірінші ауыр салмақтағы Уәлихан Бисенқұлов (9-1, 9 КО) ресейлік Иван Арацкиймен (0-3) кездесті. Төрт раундқа созылуы тиіс болған айқасты Бисенқұлов біріншісінде-ақ аяқтады. «Адай» лақап атты боксшымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Оның алдында қарсыласын нокдаунға жіберді.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде