{metadescription}
0:000:00

Ақтөбе облысында 50 шетел азаматы бар автобус бұзылып қалған

«Самара – Шымкент» тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, автобустың артқы аспасы сынып, дәнекерлеу қажет болған.

«Автобус салонында 54 жолаушы болған. Оның 50-і - Өзбекстан, төртеуі - Тәжікстан азаматы және көлік жүргізушісі бар. Ресейдің Перьм қаласынан Өзбекстанға бет алған жолаушылар екен. Көлік бұзылған кезде бірнеше сағат жолда қалып, тоңған. Полиция барлық жолаушыны жақын маңдағы жанар-жағармай бекетіне жеткізіп, оларға ыстық шай ұсынды. Кейін дәнекерлеу құралын жеткізіп, автобусты жолға дайындады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Автобус жөнделгенімен, бірнеше жүз шақырым өтіп Ырғыз ауданы маңында қайта сынған. Полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірге оларға көмектесіп, жолаушылар мен автобусты кемпингке жеткізді. Кейін көлікті бірге жөндесіп, Қызылорда облысының шекарасына дейін шығарып салды. 
 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.