{metadescription}
Нұрлан Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты энергетика министрі етіп тағайындады.
22:00 18.12.2019
"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деп жазылған жарлықта.
2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Естеріңізге сала кетсек, Қанат Бозымбаевтың қызметінен босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!