Павлодар облысында даладағы құдықта тұрып келген әйел анасымен қауышты
Ақтау қаласының тұрғыны Павлодар облысының Ақсу қаласында екі ай далада қанғып жүрген қызын тапты.
17:04 19.12.2019
Анасы мен баласының қауышуы жергілікті тұрғын әрі волонтердің арқасында мүмкін болды. Ақсу қаласының тұрғындары далада қалған Айнұрдың туыстарын жаппай іздеуге жұмылыпты. Әйел бұрын Ақтаудан тұрғанын айтқан. Бірнеше жыл бұрын Айнұр Ақсу көшіп, сол жерде тұрмыс құрыпты.
Кейіннен оның күйеуі үйінен қуып шыққан. Ал байғұс әйелдің барар жері, басар тауы қалмапты. Өзінің туған өлкесінен Айнұрдың анасы Ақсуға келіпті. Мырзабек есімді жергілікті еріктілердің бірі панасыз қалған әйелге көмектесіп, оның жақындарымен кездесуіне себепші болыпты.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары