{metadescription}
СҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, бір жасар сәби мерт болды

СҚО-да тұрғын үйден өрт шығып, бір жасар сәби мерт болды

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл елді мекенінде тұрғын үйден өрт шығып, 1 жас 7 айлық сәби мерт болды.

Оқыс оқиға бүгін Қызылжар ауданындағы Бескөл елді мекенінде болған. Өрт сөндіру қызметіне Лесная, 9 көшесіндегі екі пәтерлі баспананың жанып жатқаны жөнінде хабар сағат 10.43-те түскен. Мамандар жеткенше үй отқа оранып үлгеріпті. Өрт сөндірушілер жанып жатқан баспанадан сәбиді алып шықты. Бала бірден дәрігерлердің қолына табысталғанмен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Иіс тиген сәби аудандық орталық ауруханада көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат. Өрт сөндіру қызметі мамандарының сөзіне қарағанда, өрттің шығуына дұрыс сөнбеген шелектегі күл себеп болған.

«Тұрғын үйде үш ересек адам және үш бала тұрған. Балалардың біреуін мектептен қарсы алу үшін анасы шығып кеткен. Өрт басталған кезде үйде 78 жастағы әйел және 2011 және 2018 жылы туған екі бала болған. Әжесі үлкен немересін үйден шығарып үлгеріпті. Ал екіншісін белгісіз себептермен құтқара алмаған. Жасы үлкен, мүмкін не істерін білмей есеңгіреп қалған шығар. Күл толы шелекті де осы кісі далаға шығаруды ұмытып кеткен», - дейді СҚО төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы Нұрлан Көлбаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде